COVID-19 дертімен күресу үшін Ресейден Нұр-Сұлтанға арнайы рейспен 32 дәрігер келді

Астана. 6 шілде. ҚазТАГ - COVID-19 дертімен күресу үшін Ресейден Нұр-Сұлтанға арнайы рейспен 32 дәрігер келді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметінен дүйсенбі күні.
«COVID-19 коронавирустық індетіне қарсы іс-қимыл бірлескен іс-шаралар және ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келісімдері шеңберінде Ресей ТЖМ арнайы рейсімен ағымдағы жылдың 6 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласына Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің және Роспотребнадзордың бір топ дәрігерлері келді.
32 адамнан тұратын топқа эпидемиолог, вирусолог және басқа да бейінді бағыттардағы дәрігерлер кірді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, ресейлік мамандар қазақстандық дәрігерлерге коронавирустық індет пандемиясымен күресуде консультациялық және практикалық көмек көрсететін болады.
Бұған дейін хабарланғандай, коронавируспен күресуде көмектесу үшін Қазақстанға Мәскеу облысынан 26 дәрігер келу керек еді.

adimage