Дүниежүзінде ешкім де жылына екі рет девальвация жүргізбейді – Ұлттық банк басшысы

Күні: 14:41, 29-10-2014.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Дүниежүзінде ешкім де жылына екі рет девальвация жүргізбейді және Brent маркалы мұнай бағасы барреліне $60 болғанның өзінде ол Қазақстанның валюталық саясатына әсер етпейді, деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.
«Мен, мұнай бағасы барреліне 80 доллар болып, ресей рублі долларға 43 рубль болғада алғашқы қоңырау соғылар деп айтқанымда, мен үкімет өзінің бюджетін қайта қарауы мүмкін, төлем балансын талдауы мүмкін дегенді меңзегенмін, ал ол жағдай валюталық түзетулер енгізілетін қиын кезең емес, ол орта мерзімдік кезеңге жүргізіледі. Ешкім де жылына екі рет девальвация жүргізбейді», - деді Қ. Келімбетов сәрсенбі күні журналистерге.
Оның айтуынша, тарихи тұрғыдан Қазақстанда девальвация «әр бес жылда» жүргізіліп отырған.
«Иә, рубль әлсіреді. Иә, келесі жылға мұнай бағасы барреліне 80-85 доллар деп болжанып отыр. Ол шек біз үшін қиын шек деп есептемейміз. Ол аз десеңіз, біз мұнай бағасы барреліне 60-70 доллар болғанда да айырбас бағамы саясатын өзгертуге мәжбүрлейтіндей себеп болмайды», - деді Қ. Келімбетов.
«Бұрындары теңге бағамы ресей рубліне бет алып отыратын, қазір ондай тікелей байланыс жоқ. Онда математикалық теңдеулер өте күрделі. Мәселе бүгіндері ресейлік экономика қазақстандық эколномикаға қарағанда сәл басқаша жағдайда тұрғандығында. Ресей экономикасы санкцияларды басынан кешіруде», - деді Қ. Келімбетов.  
Ол Қазақстан қазан айында $2,5 млрд болатын еурооблигациялар шығарғанын, ал оған деген сұраныс $11 млрд-тан асып кеткенін айтты.
«Біздегі айырбас бағамы толығымен болжауға келеді. Алаңдауға негіз жоқ. Ақпан айында жасалған төзімділік қоры қазір тұрақты сезінуге мүмкіндік беріп отыр. Теңге осы уақыт аралығында 181-184 теңге аралығында тербелуде, және ақшалай-несиелік саясаттың осы бөлігі толығымен объективті деп есептейміз», - деп қорытындылады Қ. Келімбетов.


Жаңалықтармен бөлісу: