Дәрігерлер қазақстандықтардың арасындағы ұрықсыздық туралы мәліметтердің шындыққа жанасатындығына күмәнмен қарайды

Күні: 18:14, 07-11-2014.

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас акушер-гинекологы Талғат Құдайбергенов қазақстандықтардың арасындағы ұрықсыздық туралы мәліметтердің шындығына күмәнмен қарайды.
«Өкінішке қарай ұрықсыздықпен ауру стастистикасын жасау өте қиын. Ресми мәліметтер бойынша, 2011 жылы елдегі ұрықсыздық 100 мың халыққа шаққанда 120 оқиғадан, 2013 жылы 100,2 оқиғаға дейін азайды. Бірақ өңірлер бойынша талдама жасағанда бұл мәліметтер күмән тудырады», - деді ол жұма күні «Ұрықсыздықты емдеудің заманауи жолдары. РҚТ: Қазіргісі және келешегі» атты халықаралық VI конгрессте.
Мысалы ретінде Т. Құдайбергенов Шығыс Қазақстан облысы бойынша мәліметтер келтірді. Онда 2011 жылы 100 мың адамға ұрықсықдықтың 131,8 оқиғасы келсе, 2012 жылы 84,4 оқиғасы, ал 2013 жылы  - 71,8 оқиғасы келеді екен.
«Қалайша біз екі жылда ШҚО-дағы ұрықсыздықты екі есеге азайта алдық? Талдай келіп қорытынды шығаруға болады: не ұрықсыздардың жартысы елден кетіп қалды, не менопаузалық топқа өтті, не осы өңірде емдеу тиімділігі өте жоғары. Осындай мысалдар басқа облыстарда да бар, осыдан келіп мәліметтерге деген күмән туындайды», - деп атап көрсетті Т. Құдайбергенов.
Сонымен қатар ол, қазақстандықтардың репродуктивтік денсаулық деңгейі өте төмен екендігін, және елдегі ұрықсыз жұптардың тым көп - 16% екендігі түсіндіріледі дейді.
«Қазір ерлердің ұрықсыздығы әйелдердің көрсеткішіне жетіп, 48% болды», - деп ол статмәліметтерді келтірді.


Жаңалықтармен бөлісу: