Алматы. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматы әкімінің орынбасары болып Мақсат Қиқымов тағайындалды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мақсат Қиқымов тағайындалды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Қиқымов 2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды. Оған дейін 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы болды. Ал 2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.
Еске салсақ, 13 шілдеде Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қала дәріханаларында «Парацетамол» және «Аспирин» дәрілерінің жоқ екені туралы мәлімдеменің негізсіз екенін айтып, «әлеуметтік желілерде осының салдарынан хайп жасап жүргендер бар» деп мәлімдеген еді. Шенеуніктің мәлімдемесі жұршылық арасныда үлкен резонанс тудырды, қала тұрғындары оны өтірікші деп айыптап, қылмыстық жауапөқа тарту керегін айтты, десек те полиция әкім орынбасарын қылмыстық жауапқа тартудан бас тартты.
21 қыркүйекте Тұяқбаев отставкаға кететін айтты.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Қытайға келді28 Наурыз 2024, 09:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі28 Наурыз 2024, 09:03
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34