Дәурен Абаев журналистермен митингке баруға дайын

Күні: 14:58, 19-02-2019.

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев АКМ енгізуді ұсынып жатқан БАҚ аккредиттеудің жаңа қағидаларына көңілі толмайтын журналистермен митингке баруға дайын екенін айтты.
13 ақпанда ҚазТАГ ХАА журналистерді іс-шараға кіргізу ережесін күшейту қарастырылған АКМ «Журналистерді аккредиттеудің жаңа қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізуге ниетті екенін хабарлаған еді. Құжат 13 ақпанда қоғамдық талқылауға шығарылды, ол 27 ақпанға дейін жалғасады. 14 ақпанда алматылық журналистер қалалық әкімдікке ақпарат және коммуникация министрлігінің (АКМ) іс-шараларға аккредиттеудің жаңа ережесі туралы бұйрықтың жобасына қарсы митинг өткізу туралы өтініш берді.
«Егер митинг болса, мен келемін. Және сол жерде жаңа түсіндіргенімді түсінбегендерге түсіндіруге тырысамын», - деп уәде берді Д.Абаев сейсенбіде үкімет отырысының кулуарында журналистерге.
Министрдің айтуынша, «қазір журналистер бір шараға келеді де, сосын кабинеттерді аралап кетеді деген көптеген шағымдар түсіп жатыр». «Ондай әрекеттерге жол берілмейді... Адамдар жұмыс жасап отырғанда кабинеттерді аралап жүру – қарапайым жұмыс әдебінің ережелері бар ғой», - деді АКМ басшысы.
Министр атап өткендей, журналистер сауалнама жолдай алады, оған меморгандар белгілі бір уақыт ішінде жауап беруге міндетті. «Ал егер сіз дәлізде біреуді кездестіріп қалсаңыз, онда сіз сұрақ қоя аласыз, бірақ кабинеттерге кіруге болмайды», - деп атап өтті Д.Абаев.
Бұған дейін министр журналистердің наразылығын тудырған өзгерістер кейбір бас редакторлардың өтініші бойынша енгізіліп жатырғанын айтқан болатын.
«Олар сол басылымда жұмыс жасамайтын журналистердің аталмыш редакцияның аккредитациясын қолдануын жалғастыру жағдайымен кездескенін айтты, бірақ ол журналист аталмыш басылымда біраздан бері жұмыс жасамайды. Сондықтан кей бас редакторлар маған хабарласып, сол ережені күшейтуді өтінген болатын», - деді Д.Абаев.
Ол министрліктің бұл ережені «сіздердің барлығыңыз өз ескертулеріңізді, шығымдарыңызды және ұсыныстарыңызды білдіру» үшін жариялағанын атап өтті.
«Соның барлығын қайта қарағаннан кейін біз тағы да бұл ережені жариялаймыз. Олар біз бірауыздан келісімге келмейінше жариялай береміз. Сондықтан алаңдаудың керегі жоқ», - деді министр.
Д.Абаев АКМ-ге аккредиттеу ережесін күшейтуге өтініш жасаған бас редакторлардың есімін атаудан бас тартты. «Бұл, менің барлық жауапкершілікті автоматты түрде өзіме алатынымды білдіреді», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: