Дәурен Ерғарин ҚР ПӘ құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ – Дәурен Ерғарин ҚР ПӘ құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Бұл қызметке ол Калайчиди Алексейдің орнына келді.

2024 жылғы шілдеден бастап Ерагарин ҚР президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды, оған дейін 2022 жылғы желтоқсаннан бастап Шымкент қаласы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі департаментінің басшысы болды, одан бұрын Ақтөбе облысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы қызметін атқарды - 2021 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсанға дейін.

adimage