Дүйсенбі күнге арналған дауылды ескерту бойынша Қазақстанда -45 дейін аяз болуы мүмкін

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ –Дүйсенбі күні Алматыда, Шымкентте және 13 облыста дауылды ескерту жарияланды, бұл ретте өңірлердің бірінде -45 дейін аяз күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«11 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы қ.: 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қ.: 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі», - делінген жексенбідегі дауылды ескертуде.
11 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«11 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 11 желтоқсанда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Шымкент қ.: 11 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарда.
11 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 11 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.
«11 желтоқсанда Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- батысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 11 желтоқсанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с», - деді гидрометеорологтар.
11 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.Түнде облыстың басым бөлігінде қатты аяз 40-41 градус. Петропавл қ.: 11 желтоқсанда түнде қатты аяз 40-41 градус күтіледі.
«11 желтоқсанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарда.
11 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 16 м/с күтіледі.
«11 желтоқсанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
10 желтоқсанның сағат 21.00-ден 11 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
«10 желтоқсанның сағат 21.00-ден 11 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады», - деп хабарлады «Қазгидромете».
11 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

adimage