Дүйсенбі күні Астана мен Алматыда жауын-шашын күтілмейді, Шымкентте жаңбыр жауады

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Астана мен Алматыда жауын-шашын күтілмейді, Шымкентте жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз, 3-8 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Күндіз -16-18, түнде -27-29.
Алматыда да күн бұлтты, жауын-шашынсыз, 2-7 м/с жел тұрады. Күндіз -2-4, түнде -11-13.
Шымкентте жаңбыр жауады, 8-13 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 25 м/с болады. Күндіз +10+12, түнде -1+1.

adimage