Дүйсенбі күні Астана мен Алматыда жауын-шашын болмайды, Шымкентте күн күркіреуі мүмкін

Күні: 09:21, 08-04-2019.

Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Астана мен Алматыда жауын-шашын болмайды, Шымкентте күн күркіреуі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада күн ашық, 3-7 м/с жел тұрады. Күндіз +10+12, түнде 0-2.
Алматыда бұлтты, 3-8 м/с жел тұрады. Күндіз +17+19, түнде +4+6.
Шымкентте күндіз күн күркіреуі мүмкін, түнде жауын-шашынсыз, 4-16 м/с жел тұрады. Күндіз +22+24, түнде +11+13.


Жаңалықтармен бөлісу: