Дүйсенбі күні Астана мен Шымкентте қар жауады, Алматыда жауын-шашынсыз

Күні: 09:30, 26-11-2018.

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Астана мен Шымкентте қар жауады, Алматыда жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада күндіз және түнде аздаған қар жауады,  жел, кейде екпіні  секундына 6-12 метр.  Күндіз  -6-8, түнде -10-12.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз, екпіні секундына 11 метр болатын жел тұрады,  күндіз +3+5, түнде  -6-8.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, түнде бұлтты, жауын-шашынсыз, аздаған жел тұрады, екпіні секундына 2-8 метр жетеді. Күндіз  +8+10, түнде -5-7.


Жаңалықтармен бөлісу: