Дүйсенбі күні Астанада, Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:23, 04-02-2019.

Астана. 4 ақпан. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Астанада, Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада қар жауады, 5-9 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -27-29.
Алматыда күндіз жаңбыр жаууы мүмкін, түнде жауын-шашынсыз, 1-5 м/с жел тұрады. Күндіз 0+2, түнде -3-5.
Шымкентте қар жауады, 2-5 м/с жел тұрады. Күндіз 0-2, түнде -8-10.


Жаңалықтармен бөлісу: