Дүйсенбі күні Астанада қар жауады, Алматыда да жауын-шашынды болады деп болжануда

Күні: 09:33, 27-10-2014.

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Астанада қар жауады,  Алматыда да жауын-шашынды болады деп болжануда, деп  хабарлайды  РМК «Қазгидромет» баспасөз қызметінен.
Метеоболжам бойынша, Астанада ала бұлтты, таңертең қар жауады, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, ауа температурасы күндіз -8-10°C болады.
Алматыда ала бұлтты, кейде жауын-шашындатады, солтүстік-шығыстан 2-7м/с самал  соғып, ауа температурасы күндіз +4+6°С шамасында болады.  


Жаңалықтармен бөлісу: