Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Жексенбі күні Астанада және Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«20 наурызда Ақмола облысының түнде шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Астана қ.: 20 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі», – делінген сенбідегі хабарда.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 20 наурызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 20 наурызда түнде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 20 наурызда солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с сақталады. Қызылорда қ.: 20 наурызда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 17 м/с күтіледі.
20 наурызда түнде Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Онтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы болады.
Күндіз 20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 20 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08