Дүйсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«05 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қ: 05 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі», – делінген хабарда.
Түнде 05 желтоқсанда Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с.
05 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ, тау асуларында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 05 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

adimage