Дүйсенбі күні Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«03 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 03 қазанда жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с», - делінген хабарда.
03 қазанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Атырау қ: 03 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
«03 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 03 қазанда кей уақытта шаңды дауыл күтіледі, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деп ескертті синоптиктер.
03 қазанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 03 қазанда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 03 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
3 қазанда түнде Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік күтіледі.

adimage