Дүйсенбі күні Қазақстанның үш облысында бұршақ жауады, жел күшейеді

Астана. 10 маусым. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Қазақстанның үш облысында бұршақ жауады, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«10 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, күндіз дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 10 маусымда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауыдлы ескертуде.
Жамбыл облысында 10 маусымда кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Таразда 10 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кейде 25 м/с жетеді. Түнде және ертеңгісін күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«10 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 10 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage