Дүйсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде 25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген жексенбіде таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.
«25 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген хабарда.
Метеорологтардың айтуынша, 25 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.

adimage