Дүйсенбі күні Қазақстанның жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

    Астана. 26 қараша. ҚазТАГ-дүйсенбі күні Қазақстанның жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
   "26 қараша күні күндіз, 27 қараша күні түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман сақталады. Күндіз таулы аудандарда шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Шымкент қаласында: 26 қараша күні күндіз, 27 қараша күні түнде және таңертең тұман сақталады", - делінген хабарламада.
26 қараша күні күндіз, 27 қараша күні түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. 27 қарашада күндіз таулы аудандарда шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
    "27 қарашада солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында боран соғады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метр болады. Петропавл қаласында:     27 қарашада оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады, күндіз екпіні секундына 23 метр болады", - деп ескертеді синоптиктер.
   27 қараша күні күндіз Қызылорда облысының орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
    "27 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында тұман түседі. Орал қаласында: 27 қараша күні түнде және таңертең тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
    27 қарашада Ақмола облысының солтүстік-батысында боран соғады. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетау қаласында: 27 қарашада оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 27 қараша күні түнде және таңертең Ақтөбе облысының орталығында тұман түседі.


adimage