Алматы. 10 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,2% -ға 2195,22-ден 2190,75-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,6 есе түсіп, Т32,3 млн. немесе $84,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+2,1%), «Кселл» АҚ (+0,1%) және «KEGOC» АҚ (+0,5%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-2,2%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,2%) акцияларының бағасы түскен.
Дүйсенбі күні KASE индексі 0,2%-ға 2190,75-ке түсті
