Дүйсенбі күні KASE индексі 0,21%-ға 2270,01–ге өсті

Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,21% -ға 2265,21 -ден 2270,01-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 34,4% өсіп, Т5638 млн. немесе $14 647,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,8%), «Кселл» АҚ (+0,1%) және «КазТрансОйл» АҚ (+1,3%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,04%), KAZ Minerals PLC (-1,1%), «KEGOC» АҚ (-0,5%) және «Қазақтелеком» АҚ (-0,6%) акцияларының бағасы түсті

adimage