Дүйсенбі күні KASE индексі 0,25%-ға 2334,6-ға түсті

Алматы. 29 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,25% -ға 2340,5 -тен 2334,62-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,7 есе өсіп, Т371,7 млн. немесе $973,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,2%), «Кселл» АҚ (+1,5%) және «Қазақтелеком» АҚ (+2,6%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,7%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-2,8%), «KEGOC» АҚ (-1,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,3%) акцияларының бағасы түскен.

adimage