Дүйсенбі күні KASE индексі 0,3%-ға 2320,4-ке түсті

Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,28% -ға 2326,87 -ден 2320,45-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,8 есе өсіп, Т562,9 млн. немесе $1484,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+0,2%), «KEGOC» АҚ (+0,8%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,8%), KAZ Minerals PLC (-0,9%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,2%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,9%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,3%) акцияларының бағасы түскен.

adimage