Дүйсенбі күні KASE индексі 0,3%-ға 2397,5-ке өсті

Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,27% -ға 2391,03-тен 2397,52-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,7 есе өсіп, Т50,9 млн. немесе $135,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,1%), KAZ Minerals PLC (+1,0%), «Кселл» АҚ (+0,5%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,3%) акциялары өсті.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,2%), «KEGOC» АҚ (-0,2%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,3%) акцияларының бағасы төмендеді.

adimage