Дүйсенбі күні KASE индексі 0,31%-ға 2167,31-ге өсті

Алматы. 7 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,31% -ға 2160,67 -ден 2167,31-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,9 есе түсіп, Т39 млн. немесе $100,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+4%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,6%), «Кселл» АҚ (+0,1%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,1%).акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,5%), «KEGOC» АҚ (-0,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ(-0,1%) акцияларының бағасы түскен.

adimage