Дүйсенбі күні KASE индексі 0,45%-ға 2189,02-ге өсті

Күні: 18:47, 14-10-2019.

Алматы. 14 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,45% -ға 2179,13-тен 2189,02-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 30,1% өсіп, Т33,3 млн. немесе $85,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+1,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,7%), «Кселл» АҚ (+0,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+1,2%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,2%), «KEGOC» АҚ (-0,03%) және «Қазақтелеком» АҚ (-0,03%) бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: