Дүйсенбі күні KASE индексі 0,5 -ға 2333-ке өсті

Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,49% -ға 2321,51 -ден 2333,00-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,9 есе түсіп, Т57 млн. немесе $151,7 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+1,5%), «Кселл» АҚ (+0,8%), «Қазақтелеком» АҚ (+2,0%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,2%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,8%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,4%), «KEGOC» АҚ (-0,4%) акциялары төмендеді.

adimage