Дүйсенбі күні KASE индексі 0,5%-ға 2375,5-ке өсті

Күні: 18:55, 25-02-2019.

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,55% -ға 2362,49-дан 2375,50-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,6 есе түсіп, Т56,3 млн. немесе $149,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+1,3%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,8%), «Қазақтелеком» АҚ (+1,1%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,4%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,02%), «Кселл» АҚ (-0,001%), «KEGOC» АҚ (-0,02%) акциялары төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: