Дүйсенбі күні KASE индексі 0,6%-ға 2515,3-ке өсті

Күні: 18:51, 15-04-2019.

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,63% -ға 2499,55-тен 2515,32-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 15,6% өсіп, Т224,4 млн. немесе $591,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,1%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,2%), «Кселл» АҚ (+0,1%), «KEGOC» АҚ (+0,4%), «Қазақтелеком» АҚ (+2,7%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,1%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,0%) акцияларының бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: