Дүйсенбі күні KASE индексі 0,8% -ға 2319,2-ге өсті

Күні: 18:56, 11-02-2019.

Алматы. 11 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,79% -ға 2301,06 -дан 2319,18-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,9 есе түсіп, Т116,9 млн. немесе $311,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «KEGOC» АҚ (+0,5%), «Қазақтелеком» АҚ (+8,9%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,4%), KAZ Minerals PLC (-1,6%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,9%), «Кселл» АҚ (-1,2%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,3%) акциялары төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: