Дүйсенбі күні KASE индексі 1,5%-ға 2423,6-ға түсті

Күні: 19:01, 01-04-2019.

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,55% -ға 2461,26 -дан 2423,06-ға дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 7,1% түсіп, Т321,2 млн. немесе $845,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,2%), KAZ Minerals PLC (+2,0%), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+0,3%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,4%) акциялары өсті.
Ал «Кселл» АҚ (-5,0%), «KEGOC» АҚ (-5,7%), «Қазақтелеком» АҚ (-2,3%) акциясының бағасы төмендеді


Жаңалықтармен бөлісу: