Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның үш облысында күшті жел күтіледі

Күні: 10:29, 14-10-2019.

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның үш облысында күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан мен Қостанай қалаларында 14 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі, таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген жексенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.
«14 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 14 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, 14 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.


Жаңалықтармен бөлісу: