Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +31+33, түнде +16+18.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +15+17.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +17+19.

adimage