Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +20+22.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 метр/секунд жел тұрады. Күндіз +35+37, түнде +23+25.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 метр/секунд жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +40+42, түнде +23+25.

adimage