Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 10:29, 20-01-2020.

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«20 қаңтарда Нұр-Сұлтанда, Қызылорда мен Түркістан облыстарында тұман күтіледі», - делінген хабарда.
Метеорологтардың ақпарынша, дауылды ескертудің ықтималдығы 85-100 %.
«20 қаңтарда Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90 %», - делінген хабарда.
20 қаңтарда Қостанай облысында кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.


Жаңалықтармен бөлісу: