Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда жаңбыр күтіледі, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда жаңбыр күтіледі, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан күші 9-14, екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +8+10.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +15+17.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +15+17.

adimage