Дүйсенбі күні Қостанай облысында көктайғақтан 80-нен астам адам зардап шекті

Алматы. 12 наурыз. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Қостанай облысында көктайғақтан 80-нен астам адам зардап шекті, деп жазады «Костанайские новости» басылымы.
«Қостанайдағы қалалық аурухананың травматология пунктіне 50-ден астам тұрғын түскен», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
БАҚ ақпарынша, олардың 14-і ауруханаға жатқызылды.
Облыстық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне көктайғақ салдарынан төрт бала түсті. Рудный қалалық ауруханасына медициналық көмек алу үшін 30 адам жүгінген. Аудандарда зардап шегушілер екі есе аз. Негізінен дәрігерлер науқастардан тобықтарының, саусақтарының, иықтарының жабық сынықтарын анықтаған», - деп атап өтті басылым.

adimage