Дүйсенбі күні Шымкент пен тағы үш облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 5 желтоқсанда. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Шымкент пен тағы үш облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«6 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шымкент қ.: 6 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан қ.: 6 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген жексенбіде таратылған хабарда.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«6 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деп ескертті синоптиктер.

adimage