Дүйсенбі күні Шымкентте және Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту сақталады

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Шымкентте және Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«13 қаңтарда Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 13 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі», - делінген хабарда.

13 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

13 қаңтарда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

13 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

13 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қ.: 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

13 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

13 қаңтарда тәулік бойы Шымкент қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты бірінші дәрежелі ҚМЖ сақталады.

13 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

13 қаңтарда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 13 қаңтарда тұман күтіледі.

13 қантарда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

12 қаңтардың сағат 20.00-ден 13 қаңтардың сағат 20.00-ге дейін дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

adimage