Дүйсенбіде Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:22, 11-02-2019.

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Алматы мен Шымкентте дүйсенбіде жаңбыр жауады, Астанада жауын-шашын болмайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада құбылмалы бұлтты, 2-5 м/с жел тұрады. Күндіз -12-14, түнде -19-21.
Алматыда күндіз жаңбыр жаууы мүмкін, түнде жауын-шашынсыз, 1-5 м/с жел тұрады. Күндіз +1+4, түнде -1-3.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауады деп күтілуде, 2-11 м/с жел тұрады. Күндіз +9+11, түнде +4+6.


Жаңалықтармен бөлісу: