Дүйсенбіде Астана мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:14, 15-04-2019.

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ - Дүйсенбіде Астана мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз және түнде +3+5.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +23+25, түнде +11+13.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз +20+22, түнде +13+15.


Жаңалықтармен бөлісу: