Дүйсенбіде Астана мен Алматыда қар күтіледі, Шымкентте жаңбыр жаууы мүмкін

Күні: 09:16, 19-11-2018.

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – Дүйсенбіде Астана мен Алматыда қар күтіледі, Шымкентте жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада аздаған қар, жаңбыр, күндіз   -1-3, түнде -8-10, 3-6 м/с аздаған жел тұрады.  
Алматыда аздаған қар жауады, күндіз  +3+5 және түнде -3-5, екпіні 5 м/с дейін жел тұрады.  
Шымкентте жаңбыр жауады, күндіз +5+7, түнде 0+2, жел күшейеді, екпіні 20 м/с дейін жетеді.


Жаңалықтармен бөлісу: