Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Дүйсенбіде Астанада, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 1 м/с жел тұрады. Күндіз -20-22, түнде -26-28. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда да жауын-шашын болмайды. Күндіз 0+2, түнде -5-7. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Шымкентте жауын-шашын болмайды. 1 м/с жел тұрады. Күндіз +1+3, түнде -3-5.
Дүйсенбіде Астанада, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
