Дүйсенбіде KASE индексі 0,2% -ға өсіп, 2198,6-ға жетті

Күні: 18:47, 12-11-2018.

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,18% -ға өсті - 2194,61-ден 2198,64-ке дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 7,1 есе түсіп, 16 млн. теңгені немесе 42,6 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында       «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,2%), KAZ Minerals PLC (+0,2%),   «KEGOC» АҚ (+0,5%),  «Қазақтелеком» АҚ (+1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,1%) акциялары қымбаттады.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,7%) акцияларының бағасы түсіп кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: