Дүйсенбіде KASE индексі 0,2% -ға өсіп, 2251,8-ге жетті

Күні: 19:15, 19-11-2018.

Алматы. 19 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,17% -ға өсті - 2148,02 -ден 2251,76-ға дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 44,6% түсіп, 50,9 млн. теңгені немесе 138,5 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында  «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,2%), KAZ Minerals PLC (+1,9%),  «KEGOC» АҚ (+0,1%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,02%) акциялары қымбаттады.
Ал  «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,7%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,3%) акцияларының бағасы түсіп кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: