Дүйсенбіде KASE индексі 0,59% төмендеп, 2208.04 құрады

Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ - Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялар саудасының қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 2221.21-ден 2208.04-ке дейін 0,59% төмендеді.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнмен салыстырғанда 2 есе азайды және Т41 млн немесе $ 105,9 мың құрады.
Биржаның мәліметінше, сауда барысында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акциялары қымбаттады (+ 0,5%).
«Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,2%), KAZ Minerals PLC (-1,6%), «Кселл» АҚ (-0,5%), «KEGOC» АҚ (-0,4%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,001%) акциялары арзандады.

adimage