Дүйсенбіде KASE индексі 0,7% -ға түсіп, 2247,5-ке жетті

Күні: 19:01, 26-11-2018.

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,67% -ға түсті – 2262,56 -дан 2247,47-ге дейін жетті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,2 есе түсіп, 62,9 млн. теңгені немесе 170 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,2%) акциялары қымбаттады.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1%),«Кселл» АҚ (-1,2%),  «KEGOC» АҚ (-0,01%) және «Қазақтелеком» АҚ (-1,6%) акцияларының бағасы түсіп кетті.



Жаңалықтармен бөлісу: