Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады

Күні: 09:26, 26-08-2019.

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ - Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстіктен жел секундына 7-12 метр. Температура күндіз + 28 + 30, түнде + 14 + 16.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Температура күндіз + 30 + 32, түнде + 18 + 20.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Температура күндіз + 33 + 35, түнде + 18 + 20.


Жаңалықтармен бөлісу: