Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жаңбыр жауады

Астана 23 қыркүйек. ҚазТАГ - Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласында бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел секундына 9-14 метрге жетеді. Күндіз + 15 + 17, түнде + 3 + 5.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел секундына 2-7 метрге дейін жетеді. Күндіз + 23 + 25, түнде + 18 + 20.
Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел секундына 8-13 метрге жетеді. Күндіз + 25 + 27, түнде + 13 + 15.

adimage