Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан мен Шымкентте ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, Алматыда жаңбыр жауады

Күні: 09:14, 10-06-2019.

Астана. 10 маусым. ҚазТАГ – Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан мен Шымкентте ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, Алматыда жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, 4-8 м/с жел тұрады. Күндіз +21+23, түнде +10+12.
Алматыда жаңбыр жауады, 1-11 м/с жел тұрады. Күндіз +21+23, түнде +11+13.
Шымкентте күн бұлыңғыр, 3-11 м/с жел тұрады. Күндіз +25+27, түнде +13+15.


Жаңалықтармен бөлісу: