Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан мен Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан мен Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда күн бұлыңғыр, 2-7 м/с аздаған жел тұрады. Күндіз +18+20, түнде +2+4.
Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін, 2-13 м/с жел тұрады. Күндіз +22+24, түнде +11+13.
Шымкентте күн ашық, 4-12 м/с жел тұрады. Күндіз +30+32, түнде +12+14.

adimage